6+
Ғажайып бақ

Электронная книга - 600 ₽

Объем: 10 бумажных стр.

Формат: epub, fb2, pdfRead, mobi

Подробнее
О книгеотзывыОглавлениеУ этой книги нет оглавленияЧитать фрагмент

Баяғы заманда Асан мен Қасен деген екі дос болыпты. Екеуі де кедей адамдар екен. Асан ұлтарақтай жеріне егін егіп, Қасен өзінің аз ғана малын бағып, күндерін көріпті. Екеуінің де әйелдері қайтыс болған екен; Асанның бар жұбанышы ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу қызы болады да, Қасеннің үміті — ер жетіп қалған қайратты баласы болады.

Бір жылы көктемде Асан егін салуға қамданып жатқанда, Қасен жұтқа ұшырайды: қыс аяғы қатты болып, аз ғана малы қырылып қалады.

Көзінің жасы көл болып, Қасен досына жылап келеді:

— Асан, сенімен қоштасайын деп келіп едім. Аз ғана малым қырылып қалды. Енді аштан өлместің қамын қылып, қайыр сұрап тентіреп кетемін, — дейді.

Бұл сөзді естігенде, Асанның да көңілі босап, көзіне жас келіп, Қасен досын құшақтап тұрып:

— Екеуіміз жан деген жолдас едік қой, мал-жанымыз бір емес пе еді? Менің егіндік жерімнің жартысы сенікі болсын. Көңіліңді жұбат, қолыңа кетпен алып, тырбанып тіршілік қыл, — дейді.

Сол күннен бастап, Қасен де егін салып тіршілік етеді.

Күн артынан күн, ай артынан ай өтеді. Арада біраз жылдар болады. Бір күні Қасен өзінің жерін қазып жүріп, кетпенінің зыңылдап, темірге тигенін байқап, таң қалады. «Бұл не ғажап екен?» — деп, сол жерді тереңдетіп қазып жіберсе, ішіне толтырып алтын салған бір қара қазан көрінеді.

Қасеннің қуанышы қойнына сыймай, қазанның құлағынан сүйрей, досының үйіне қарай жүгіреді.

— Сүйінші, Асан! — деп айғайлайды ол, жүгіріп келе жатып, — сүйінші, бақытты болдың, үлкен олжалы болдың, мен сенің жеріңнен ішіне алтын толтырылған қазан тауып алдым, енді кедейліктен құтылдың.

Асан оны қуана қарсы алып:

— Сенің адалдығыңды білем ғой, Қасен. Бірақ ол алтын менікі емес, сенікі. Сен оны өз жеріңнен қазып алдың ғой, — деп жауап береді.

Оған Қасен болмай:

— Мен де сенің пейілі кең, мейірімді кісі екеніңді білемін ғой, Асан, бірақ сен маған жеріңді бергенмен жеріңнің астындағы қазынасын берген жоқсың ғой, — дейді.

Бірақ Асан да көне қоймайды.

— Ардақты досым, жердің асты-үстіндегі қазынаның барлығы, сол жерге маңдай терін тамызып еңбек еткен адамдікі, — дейді.

Алтынды алғысы келмей, бұл екеуі ұзақ таласады. Ақыры, Асан мынадай бір байлам айтады:

— Таласты қоялықшы, Қасен, сенің күйеу болатын ұлың бар, менің қалындық болатын қызым бар. Балалардың көңілі жарасып жүр ғой, сол екеуінің басын қосайық та, алтынды соларға берейік. Тым болмаса, біздің балаларымыз кіріптарлық көрмесін, — дейді.

Аталары осы байламын айтқанда, балаларының қуаныштан жүректері жарылып кете жаздайды. Сол күні той жасап, екі жасты қосады. Жас жігіт жаңа түскен келіншегімен жеке отау болып, Қасеннің үйіне шығады. Қасен құдасының үйіне көшеді.

Бесплатный фрагмент закончился.

Купите книгу, чтобы продолжить чтение.