Алғы сөз
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Әр адамның өмірі — үлкен сынақпен сол сынақты жеңуге берілген үлкен мүмкіндік. Біз кейде өмірді бағаламай, күнделікті күйбеңмен жүріп, шынайы мақсатымызды ұмыт қалдырамыз. Ал шын мәнінде, әрбір таңның атысы, әрбір кештің батысы бізге берілген жаңа мүмкіндік, жаңа бастау. Сол мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, жүрек тазалығымен, адал ниетпен әрекет ету — нағыз бақытқа жеткізетін жол.
Кешеректе дәптеріме жазылып жүрген еңбегімді, жүрегімнен шыққан ойларымды, өмірден түйген сабақтарымды бөлісуді жөн санадым. Әрбір сөзім — менің өзімнің ізденісім, өзімнің қателігім мен жеңісімнің жемісі. Оқырманға ой салса, шабыт берсе — мақсатымның орындалғаны. Шықпаса — арманымның орындалғаны…
Адам өмірі — Каспий теңізіндегі кеме секілді. Әрбіріміздің алға қойған мақсатымыз — барар жеріміз, жетер айлағымыз бар. Бәлкім елімізді сағынармыз не болмаса елімізден кетуді армандармыз яғни: жетістік пен тыныштық үшін. Бірақ сол жолда бізді түрлі дауылдар, тосыннан соққан желдер, яғни өмірдің қиындықтары күтіп тұрады. Кейде сол дауыл бізді құлататындай, ағысы қарсы алып, кері итеретіндей көрінеді. Бірақ шын мәнінде дауылдың өзі бізді тоқтата алмайды. Оны қалай қабылдап, қалай пайдалану — өз қолымызда. Ал ол білім — осы кітапта!
«Я слыхал от бывалых моряков, которых обучало само море, что иногда шторм в значительной степени меняет их курс. Похоже, сегодня у нас есть тому подтверж-дение. Да, старые моряки знают, о чём говорят. Настоящий триумф опыта над уста-ревшими знаниями из отсталых учебников.»
Каспий кеме капитаны дауылға қарсы емес, желге қарай желкенді бұрғанда ғана алға жылжиды. Бізде сынақ келсе, сабыр етіп, қиындықты дұшпан көрмей, оны тәжірибеге, жаңа мүмкіндіктерімізге айналдырсақ, мақсатымызға жетеміз. Өмірде әр кедергі бізге бір нәрсе үйретеді! Сондықтан да өмірдің әр дауылынан сабақ ал! Себебі: өмір — ең жақсы мұғалім! Ал сен дұрыс оқысаң — ең жақсы шәкірт бол!
Сондықтан да өмірдегі дауылдардан қорықпау керек. Оларды басқаруды үйренген жан ғана шын мәнінде Каспий кемесінің капитанына айналады.
Өмірді мәнді ету әркімнің өз қолында. Жақсы ой, дұрыс ниет, табанды әрекет — бәрінің бастауы да, жалғасы да осыдан өрбиді. Бізді адам ететін — өмір үшін күрес. Біздің қалауымыз ешқашан да бітпейді! Ішіміздегі аңды жеңу арқылы ғана бақытты боламыз! Кітабымдағы көк сөздер мен өлеңдерім оқырмандарға аманат!
Бірінші көк сөз (Өмірлік мақсат)
Өмір — бұл әрбір пенде үшін берілген үлкен нығмет! Оның уақыты шектеулі, тым қысқа. Қай кезде тоқтайтынын, болжап та білмейміз. Алла Тағаланың берген бір жақсылығы болар, нақты өміріміздің соңын білмейтініміз. Егер білген болсақ онда әр сәтімізден мән қашар еді.
Өмірге келіп, нағыз адам болып өмір сүру — өз қолымызда. Басқан әрбір қадамыңыз ниетіңізден бастау алады. Шынында да таза жүректің кірлемеуі не сол күйінен ауытқымауы өзгенің сынақ болып келгеннен емес, сол сынақты қабылдау өзіміздің еркімізден. Қалай қабылдаймыз? Мәселе сонда! Сабырдың түпкі тереңнен бой алмасақ өмірдегі кез келген сынақты қабылдай алмас та едік. Алла Тағала сабыр етуді, шүкір етуді бізге бекерден бекер айтты деймісің! Бұл да бір пенденің жолынан бақ кетпесінші, маңдайы сәждеден ажырамасыншы деген жақсылықтың игі жаршысы ғой. Адам бұл жалғанның қонағы өседі, өнеді қайтадан топыраққа сіңеді! Тек сізбен мәңгі өшпейтін, сізбен мәңгі жүретін ол игі іс, тек осы іс сізбен мәңгі жүреді, ал қалғандары ерте ме? Кеш пе? Ұмыт болады. Тек ісіңіз Алла тағаланың алдында өшпейді. Өмір қысқа, ұзақтай көріп аласыз, ұйқымен, керек емес бос іспен өмірімізді қалай құр текке құртамыз! Өмір бір-ақ рет берілді, сондықтан неге оны пайдалы істермен өткізбеске! Алла жолында жұмсалған уақыт ешқашан да текке кетпейді!
Екінші көк сөз (Ұғынтұғын)
Бұл таңғажайып әлемде бәрі де үлкен-үлкен жетістікке жеткісі келеді, алайда ешкім де әрекет еткісі келмейтұғын. Ерініп ештеңе істегісі келмейтұғын, осы ісі жақсылыққа алып бармайтұғынын білмей өмір сүретұғын. Біле тұрып әрекет әрекет етпейтұғын, айта тұра өзі істемейтұғын. Өзге түгіл, өзіне де пайдасы жоқ ісі емес пе? Ал ойлаған жақсы ісін ертеңге қалдырған, наданның ісі, басын бастамаған, сүрінген соң тұрмаған саны бар сапасы жоқ адамның ісі! Ісін соңына дейін жеткізіп, жеткізгеніне мәз болатұғын, өзінен төмен адамдарды менсінбейтұғын, тәкапарланып үстінен күлетұғын болса жеткізген адал ісі де ақыретте түк пайда әкелмейтұғын! Сондықтан да жасаған әрбір ісің Алла разылығында болсын! Алла разылығында болса, ісің міндетті түрде алға басатұғын, саған түгіл өзгеге де пайдасын тигізетұғын және де ертеме кеш пе сен міндеттенген мақсат, арманың орындалатұғын! Тек шын қалап әрекет етіп, Алладан сұрасаң тұғын!
Үшінші көк сөз (Тіл ал)
Осы жақсылар көрген, білгенін ғибрат қылып айтып жатса, ақыл айтқаны үшін де ашуланып «Ешкімнен ақыл сұрайтын дәрежеде емеспін» сосын «Сен айтқан ақыл, менің табанымның астында!» деп айтып жатады, өзім көрдім, ал мұнысы не сөз? Білмегенін білмеуге тырыспау наданның ісі емес пе, ол жақсылықты табаныңның астына төсесе, бәз жақсылар басына жастанады емес пе? Ал жақсылықты табанға төсеп, жамандықты басына жастанса, оның алдағы уақытта жақсы, көрнекті тұлға болады деп ешкім демейтұғын!
Біреулер айтса ақылын,
Құлағыңды тығындайсың,
Міне осылайша сен,
Адамдыққа ұғынбайсың!
Бар дегенге бармаса,
Қой дегенге қоймаса,
Басына таяқ тигенде,
Мың рет тәубе етсе де,
Ол мүмкіндік қайтып келер ме?
Дұрыс емес екеніңді біле тұра,
Өз-өзіңді өтірік айтып, ақтайсың,
Сондықтан да екі ғұмырда,
Еш абырой таппайсың!
Даналықты өз бойына сіңдіріп, өзіңнен төмен адамға өзі сұрамаса ақыл айтып керек емес, бірақ жақсылардың сөзін ғибрат тұту да бір үлкен өнер! Жақсылар деген қаһарман болса да ол болуға емес, одан озуға ұмтыл! Жаманнан өзіңді ұлы санама, сүрінуден сабақ ал! Біреудің сүрінгенінен сабақ ал! Сен мінсіз бола алмайсың, бірақ шынайы болып, мінсіз болуға ұмтыла аласың!
Сізге кеңес бергенім менің сізден ақылдырақ екенімді білдірмейді. Бұл менің сізден гөрі ақымақ істер жасағанымды, Қазақ елінің даналығын көрсетеді!
Төртінші көк сөз (Лайық бол)
Жақсы құрмет сұрама, құрметтейтіндей іс жаса! Еш себепсіз, сен де біреуге, сауап үшін болмаса, шын құрмет көрсетпейсің, ал ол саған неге құрмет көрсетуі керек?
Жақсы көр деп жалын ба! Жақсы көре алатындай қыл! Бәріміз арманымыздағы жарды қалаймыз, ал сенің арманыңдағы жар қандай адамды қалайды? Енді шынайы жауап берейік. Қызыңды өзіңдей жігітке сеніп тапсырар ма едің? Немесе ұлыңды сендей қызды алуға рұқсат берер ме едің? Бір күні мен гүлге көп су құйып өлтіріп алғанмын. Адамның жаны да, гүл сияқты өте көркем! Жалпы өмірде көп нәрсе, орташа болуы керек, не көп емес, не аз да емес, әйтпесе ол нәрсе бітеді де, басқаларында тартып қарақұрдымға ала кетеді!
Досымды тәрбелеймін десең, жақсы дос табам десең мешітте намаз оқып баста! Яғни жақсы орта тап, солармен бірге дамы!
Алғың келсе, бере біл! Бере білген адам ешқашан да ұтылмайды! Оны да өз орныңа қойып қара, не істер едің!?
«Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде!» деп халық нақылы бекер айтпаған!
Адам болам десең, өзіңнен баста!
Арманыңды ертеңге емес, дәл қазір жаса! Әйтпесе бәрі кеш болады, талай оқысаң да, тыңдасаң да әрекет етпейтінің неге? Өзің үшін, ел құрметі, абырой, ата-анаң разылығы, жақсы өмір, адал сенімді жар, бақытты өмір үшін тым қиын ба? «Темірді қызғанда соқ!» дейді Қазақ атам, ойдағы істі сол мезетте жасаған дұрыс, сол кезде жасамасаң бәрі кеш, ертеңгі күні, бүгіндей асыл болмайды. Бүгін жасамасаңыз, ертең 2 есе қиын, оның арғы күні 3 есе тағысын-тағы жалғаса береді. Неден қашсаң, соған ұрынасың! Бүгін жасай алатын істі ертеңге қалдырма!
Не талап еттің соған лайықты бола біл! Сен өзің ондай дәрежеге жетпей біреуге мін тақпа! Босқа өзің ұятқа қаласың! Ешқашан да өзгені өзіңнен артық не кіші санама! Кіші санасаң, ісің баспай күнә аласың, артық көрсең ештеңеге тісің батпай, шайнап отыра бересің! Мейлі сен менің сөздерім арқылы түзеліп махаббатыңды, досыңды, жетістігіңді, тағысы тағы реттегеніңмен, бірақ басты сұрақ: сен өзіңе
қымбаттыны сақтап қала аласың ба?
«Қыз сүйсе қалады,
Ұл сүйсе алады!» деген Қазақ, ал жалғасын былай дер ем
Ұл сүймесе — тулайды,
Қыз сүймесе — улайды!
Достың да досы бар. Сатқын болса ол дос емес — қарынды үз!
Кейбір шешіміміз бізге де, қоршаған ортаға да зиян келтіреді! Әр қадамды анық басайық! Өзіңді әрдайым дұрыспын деп санама! Өзгелер де сендей адам, сен қалағанда олар да қалайды, өзгелер саған ештеңе міндетті емес, жақсы нәрсені алу үшін бірінші өзің сол жақсы нәрсені беруің керек. Өзгенің ауырсынуын сезе білуді үйрен, сонда ғана адамдарға жақсы қарап үйренесің! Сонда бәріне лайықты боласың!
Бесінші көк сөз (Ниет)
Адамның қолынан келмейтін іс бар ма сірә? Ниет қылған адамға қашанда уақыт табылар. Кейде жасап жатқан амалдарымыздың берекелі болуына мән бермей жатамыз. Салыстырмалы түрде қарап отырсақ ниетің түзулігі мен қисықтығын аңғарасың! Адамның тегі бірден ілгері көштен бола бермейді. Үлкен еңбек, үлкен тәуекел және ең мықты ниет қонбаса басында, жасап жатқан әрбір тірлігіміз бос, бір қимылымыз болғандығы. Иә, бостан-бос кейде уақыт жоғалтамыз және де соған қарай, бақыттың да жолында қолданамыз. Бақытты болу үшін ниетің түзулігі мен жүректің тазалығы керек-тей. Мың жерден бай, жүз
жерден ғалым болсаңыз да, жүрегің мен пейіліңде кір табылса жүзіңнің жылтыры көріксіз көрінетіндей. Әр істі де таза ниеттен бастап, сол ісіңе деген сүйспеншілігіңді көрсете біл және де бос сөзді айтып қоя бермей, нәтиже шығар, ал жасай алатын адам үнсіз жасайды. Жасай алмайтын адам бос сөзден басқа еш істі тыңдырмайды.
Адам қаласа — уақыт табады,
Қаламаса — сылтау табады!
Өз бақытына уақыт таба білсе,
Уақыт та оған бақытты табады!
Қателік кешіріледі әрқашан,
Бірақ ұмытылмайды ешқашан!
Күнәлі істі жасай берсең,
Сұрауы болады ғой әрқашан!
Бізге шынымен бір нәрсе керек болса, оны алуға әрекет жасаймыз. Болмаса ертең не кейін жалындаған жастығымызды жоқ ететін, денсаулығыңды қор ететін, арманыңды өлтіретін шешім. Сондықтан сылтаумен өзіңді алдай бермей іске кіріс, көздеген мақсатыңа жеткен соң демаласың! Жалғыз жаратқан қаласа!
Адамдар үнемі ауылдан, теңіз жағасынан немесе таудан пана іздейді. Алайда адамда ниет болса өз жанынан өзіне пана таба алады. Ешбір жан өз жанындай жайлы сезілетін пананы ешқашан өзгеден таппақ емес. Әсіресе, өз санамызда белгілі бір бейнелерді суреттеп, сол арқылы жанымыз тыныштық тапса, ол тыныштық — ойымыздағы тәртіптен басқа ештеңе емес. Меншікті мекеніме айналған сықырлауық диваныма қисайып, ескі көк сөздерімді қайта-қайта оқудан жалығар емеспін. Қым-қуыт арпалыстың алыс сапарында
жақыныңмен бір кездесіп, сағынышыңды жұбатқандай боласың. Әрине, өңің емес, түсің екені өкінішті, бірақ түстің өзі де Арал. Түстің аты — түс.
Намазды қаза қылсаң, қазасын өтейсің, кешірімін тілейсің, бірақ ол далада жанып тұрған шырақ секілді, бір жел ессе өшпеуіне сенің иманың мен шынайы ниетің ғана үміт болады.
Алтыншы көк сөз (Уақыт)
Бұрын қазіргідей ермек іс жоқ кезінде уақыт өткізіп болмайтынмын, ал қазір керісінше уақыт таппаймын.
Уақытты қалай өлтіремін деп ойлап отырғанда, уақыт сені жайлап өлтіруде! Бәрі соңында бітеді, бірақ біткенін мойындау керек. Уақыт, өмір, жаныңа жақын адамдар, махаббат бәрі тек бір Алланың қалауымен соңында бітеді. Сондықтан да олар бағалы болып саналады. Сондықтан оларды бағалай білу қажет! Бағалай білмесек ертеме, кеш пе, ол біткен де өкіну наданның ісі, ал өкіну ең арзан ақы.
Біздің басты қате түсінігіміз, бізде әлі уақыт бар деп, өз-өзімізді алдауымыз. Уақыт тез өтеді! Сондықтан да күлкі арзан, арсыз ұйқы мен бос ойын делінеді себебі: олар болашақта еш пайда әкелмейді, әкелсе де азын-аулақ қана, ал еңбегің ертеме, кешпе ақталады! Қиындықтар бітеді, орнын жақсы нәтижелер басады. Барлық еңбектерің сәтті болмауы мүмкін, бірақ бірі міндетті түрде не одан кейін жұлдыз болып жанады. Иә, қатты не әлсіз жануы мүмкін, бірақ ол сенің еңбегің, сенің жер наның мен бақытың, табысың, мақтаулың, атағың, тарихқа енуің! Аллаға тапсыр да, тәуекел ет!
Себебі: оған өзіңнің аз ғана өміріңді жақсарту үшін қандай себеп керек!? Біз үшін әр күн, сағат, минут тіпті әр секундтың өзі бағалы. Сол уақытты ұтымды пайдаланып, жүрегің қалаған іске өзіңді бағыттасаң — сонда, нағыз бақыттың бал дәмін татасың! Қаншама армандарың, мақсаттарың, қаншама энергия, қаншама тірлік уақытың ұйқыңмен бірге, ұйқыға кетіп жатыр. Мотивация керек пе, ол саған жетіспей ме? Онда қазір жасап жатқан ісің үшін, 10жылдан кейін қайда және қандай жағдайда болатыныңды ойла!
Сондықтан да қазіргі кездердегі сәттерді адам сенгісіз ұмытылмастай қылып өткізуге тырыс. Себебі: бұл Бір Тәңірдің берген тәтті сыйы. Мүмкіндіктер шексіз әлемді қарсал. Себебі: уақыт келгенде бәрі кеш болады. Кеш болса, өмірді бос өткізгенмен тең болады. Имамның артында тұрып көп намаз
оқыңдар, имамның алдында тұрып қалғанда кеш болмақ емес пе? Онда да күн батыстан шыққанша, әлі шығыстан шығып тұрған күнге шүкір етіп, сауап жаса, жаманнан арыл, нәпсіні жең! Нәпсіні тәрбелеу қиын себебі: ол да ауырсынуды сезеді, сен оны жасамағың келген істі жасап қамшылап тәрбелесең, ол деген өз-өзіңді ұрумен тең, сондықтан оны ұру қиын. Біреу өзін ұрса жынды ма дерсің, ол да сондай, ал ұрмасаң, ол қатаймай, ырқыңнан шығып кетеді. Иә, өлгенше ұрма, онымен қоса өмірдің мәні не өзің оның артынан барасың, тәрбелен!
Бізде уақыт көппе, азба Аллаһ біледі, сондықтан да қаламайтын кезде өзіңді мәжбүрлеуге тырыс. Бір күнде үштен көп адал істі бітіруге тырыс. Егер бір сәтте жасап
жатқан бірнеше істерің нәтиже бересе, дұрыс екендігін қайта ойға сал! Алайда бұл үш мақсатқа ұмтылу керек деген сөз емес. Бар күшің бір жерге бағытталмаса мақсаттарға жету мумкін емес! Ол оңай мақсат қою керек деген сөзде емес. Ойлаған адал ой, дүниеңді ертеңге қалдырмай жаса жәнеде есіңде сақта бәрі өз қолыңда харам не халал ақша табу, мысалы: харам түрде ұрлықпен тауып, біреудің ақысын жеп, алдап сатып, біреудің көз жасына қалсаң, ол бәрі-бір несібеңді харам түрінде алдың деген сөз, сенікі сеннен кетпейді ғой, дәл сол ақшаны халал түрде алуға болатын несібеңді өзің харам ақшаға айналдырып аласың. Халал: алу үшін алдамай дұрыс зат сат, жұмысты жауапкершілікпен дұрыс атқар сонда несібең берекелі әрі қайырлы болады.
Біз ешқашан да өзімізді қалай бар солай қабылдамай, бақытты бола алмаймыз! Жетістікке жеткің келсе бар назарыңды соған аударып ұзақ уақыт айналыс, бүгін мына іспен, ертең ана іспен айналыссаң әсте жасап жатқан амалың уақыт құртушылық қана!
Бұл өмірде ештеңе оңай емес, оңай болмайды да! Жай ғана алға қарай ұмтылып қадамдап бас, бәрі өз уақыттымен болады. Егер қазірден бастап жақсы іспен айналысып жүрсең, түбінде жақсы нәтиже болады. Дәл солай, керісінше жаман іспен айналысып жүрсең, жаман нәтиже болады! Бірақ түптеп келгенде бәріміз өлеміз! Өлімді мойындамаған — кәпір! Бірақ осы уақыттымызды бар-жоғы жетер-жетпес 1 ғасыр, мақұл 70 жылды дастойно өткізе аламыз ба? Міне мәселе қайда жатыр!
Өмір — сүт пісірім уақыт қана! Сүтке қарап отырмасаң, ол тасып кетеді. Тасыса бәрі бүлініп, сүті де құрттақандай ғана қалады. Ішсең дәмсіздей, ал қаймағы сыртында. Бар болғаны, сен қазір қараймын ғой, мына телефонды қарап тастайын немесе үй жинайын, не ұйқыны қимай жүргенде, өмір яғни өміріңнің уақыты жақын жерде зу етіп өте шықты. Сондықтан да өмір сүт пісірім уақыт қана, ол да сезілмей ғана, бірақ өте тез піседі, ал өміріңді пайдалы өткізбегенің үшін өміріңнің сүті аз, дәмсіз, ешкім ішпес, ішседе сен қалаған тіршілік иесі емес, онымен қоса ыдыстармен, қыздырған пешті жуып тазалау керек, күнәні жуу керек деген сияқты, қазір тіріңде тазалауға болады, бірақ өмір өткесін әй, қайдам тазалау өйте қиын-ау, тіпті мүмкін еместей. Ол істі жасамағанда күнәдан таза, уақытыңда бүтін болар еді. Қаймағы ең үлкен жетістігі жоқ, нағыз жақсылыққа жұмсар уақытты өмірдің алдамшы нәрселеріне құр босқа жоғалтып алады және спортпен айналыспағаны үшін де өмір жасы азғана 5% мән бермегені үшін, көбірек уақыттының 20%-30% мақұрым қалады, сондықтанда физикалық және психикалық денсаулық біздің басты байлықтарымыздың бірі, сондықтан оны күту әрі дамыту қажет! Сонда ғана толық қанды өмірден ләззат ала-аламыз, ал егер бұны елемесек, бұл деген дұрыс сауда жасай алмады дегенде сөз, себебі: уақыт әлдеқайда қымбатырақ, әрі қалған өмірін жақсы өткізуіне ешкім кепіл емес! Мысалы, аурып бақытты болу қиын, мейлі сен қымбат үйде, қымбат көлікпен қымбат жерге барсаң да, одан бақыт алу қиын десеңіз
дәл солай болады!
Өмірде ештеңеге алаңдамайтын досым бір күні «11-жыл мектеп оқып, 4-жыл универ оқыдық делік, 1-жыл армияға, 3—4 жыл мамандықсыз жұмыс жасадың. Өмірің ақша, махаббат деп жүргенде 25—26 келдің. 24/7 жұмысқа барасың, балам, Әйелім, Ата-Анам деп, ал өзіңе уақыт таппай осылай жүргенде 30—40 келіп қалдың, балаңды, немесе қызыңды университетке түсіруің қажет. Балаларың университетін бітіріп, үйленіп, бала шағалы болайын деп жатыр, ал сен 50—60 келіп қалдың, солай-солай уақыт демде өтіп жүргенде өмір сүруді ұмытамызда жүреміз.» деген, расында біреуді жек көрумен уақытты жоғалту үшін, өмір тым қысқа! Болмашы затқа ренжеп, кектеніп, ақылға салмай іске беріліп, керек емес адамға уақыт құртып, мақсатсыз іс бастасақ опыт емес, опық болады!
Есіңде сақта бүкіл әлем, бүкіл қоршаған орта. Алланың арқасында, саған бір өзіңе арналған! Кейде тіпті бос іспен уақыт құртамыз, иә, уақыттың бос іспен өткенін мойындау қиын, тіпті тым қиын! Өмір жалғаса беруі тиіс! Ол тек қана, біздің бір қалыпта тұрмайтынымыздың және де ештеңеге қарамастан алға қарай ұмтылу керектігіміздің дәлелі болып қала бермек!
5 минут құр алдамшы елес емес,
Уақыт менсінбейтін таста емес,
Әр секундыңды бағала, пайдалы өткіз,
Сонда өзің өлгенменен тарих өлмес!
Жетінші көк сөз (Пайда)
Бала кезімде анам жатарда түрлі ертегі оқымаса да, көп
әңгіме айтып беретін, соғыс, өмір, ауыл, салт-дәстүр мен түрлі үстел ойындарын ойнауды үйрететін. Бір әңгімесі есімнен әлі кеткен жоқ:
Қасқыр қойды азық қылса адамдар қасқырды жаман дейді. Түлкі тауықты ұрласа адамдар түлкіні қу дейді. Тышқан астықты кемірсе оңбаған дейді. Адамдар араның балын алғанда оларды еңбекқор, қарапайым дейді. Төрт-түліктен бар жақсылықты алғанда керемет деп асыра мақтап, бағып-қағады, мақал-мәтеліне қосады. Жылан өзінде у бар екенін білмейді. Адамдар өзінде қате бар екенін білмейді, Құлыным! Сондықтан да өмірде жақсы мен жаман жоқ! Кімге кім пайдалы сол жақсы! Өмір де досың жоқ! Әр ісің де сақ бол!
Сегізінші көк сөз (Білім)
Жас кезден бастап білім ал, өскен соң ешкім білім ал деп айтпайды! «Бар да нан тап дейді!» ал нан табу үшін, жұмыс істеу керек, жұмыс істеу үшін білім керек және оның бар екенін дәлелдеу керек. Мейлі кәсіп ашсаң да, мал бақсаң да «Өйт, бұған ілім, білім керек емес» деген саланың, белгілі бір істің өзінде білім керек. Білімсіз, жауапкершіліксіз жасалған іс — былық. Білімсіз қазіргі таңда ешкімге керек емессің. Себебі: кешеден, бүгінге дейін жеткізіп отырған ол білім. Білімнің арқасында ғана адам, адам болып, хайуан дәрежесінен жоғары, саналы болғаны үшін ғана азықтық тізбегітің басында тұр. Егер тас дәуіріндегімен қазіргі кездегі адамдар соғысса кім жеңеді? Физикалық емес, басқаша ойламаңыз, ақыл мәтін де емес, білім арқылы тактикамен, заманауи қарулармен шайқасын салыстыруға да келмейді.
Неге ата-анасы, жора-жолдастары бізді қызықтырмайтын кейде қате жолға тартады себебі: оларда сен секілді адамдар, оларда қателеседі, тек жас ерекшелі ештеңені де шешпейді тәжірибе, білім болмаса барлық ісің бос істей. Әр молда өз білгенін үйретеді ғой, оқыған Құраннан не кітабынан өзі түсінгенін айтады, ал адамдар кейде бірдей кітап оқып, бір мұғалімнен білім алып, бір мектеп, бір универде оқыса да өмірде бірдей жетістікке жетпейді себебі: оны түсінуі әртүрлі, себебі: біз бөлек тұлға, бөлек адамдармыз, өзіміздің жадымыз бен ойымыз бар, мынау-анау білімді ала ғой, бірақ одан жақсы ілімді ала білмесек, түсініп қолдана білмесек ондай білім бос уақыт құрту ғана.
Өзіңді төмендетуді доғар, білім алу ешқашан да кеш емес. Нағыз өтірік — ештеңені өзгерте алмаймыз деген ойымыз. Отбасым, жалпы тұқымым мал баққан адамдар, әр көшпендіге тән шығар, аттарымыздың бірін ауыздығын өтірік кигізгендей болдым да, екі-үш қадам жасап едім ізімнен жүрді, ауыздығы жоқ, ыстап та тұрған жоқпын, алайда оған ауыздығын алып тастағанымды көрсеткенде ізімнен жүрмеді, тек шақырғанда келді.
Қаншалықты азап шексең, соншалықты басқаларға түсіністікпен қарай бастайсың! Бүгін қиын болып көрінген нәрсеңді, уақыт өте келе артқа қарасаң уайымыңа керек емес, қарапайым іс екенін түсінесің. Сондықтан бүгінгі қиындық, ертеңді жеңілдетеді, оның арғы күні қарапайым дүниеге айналады. Кеше ғана сияқты оқу мүмкін емес, азап көрінетін еді міне дамыдың. Басында мен үшін де солай көрінді, үйренген
соң, көп көріп, көп оқыған соң, кітап жазып жатқаныма өзім әлі қайран қалам, осындай дәрежеге қалай жеттім депте қойам.
«Білім, бізге түрме мектеп, түрме универ, құлдық жұмыс, сенімсіз түрме қарттық не керек? Неге бұны оқып, болашақта керек болмайды ғой! Неге бұны тыңдауым керек өз ақылым өзіме де жетеді ғой!? “ дегендерге болашақта «Неге бұндай лас! Қызықсыз жұмыс жасауым керек!? Басқалардан қай жерім кем!? “ деген жауапқа келесіздер немесе жұмыс жасамасаңыз аштан кетесіздер, бизнес бастап шалқайып жатам десең тағы білім керек! Кемшілігіміз білім алмағандығымызда. Болашаққа алаңдап қазіргі уақытты босқа өткіземіз бе? Алаңдамай тәуекелді адал жасасаң, өміріңді өзіңе ұнайтын жолға сарп етесің. Сенде барлық мүмкіндік бар, білім алуға, еліміздің бір кірпіші болуға! Адам болу өзіңе байланысты! Есті болып адам болу! Ессіз болып надан болу! Есі, санасы бар адам кез келген жер де тесіп шығады! Сіздің қайда және қалай пайда болғандығыңыздың қандай айырмашылығы бар? Ең бастысы еш нәрсеге өкінбей өмір сүру! Ештеңеге өкінбейтіндей өмір сүр! Жақсылар жақсы мен жаман, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажыратып сауап арқылы өзіне пайдалысын жасайтыны да рас және өте дұрыс! Ондай есті керемет кісі, өзгенің ғайбат сөзін елемей өмір сүруді әсте бас орынға қойады, мандайы бес мезгіл сәждеден ажырамайды, күнәлі істен аулақ болады! Өмірінің әр сәтін өзгеге де, өзіне де пайдалы болу үшін еш кетірмей уақытын қымбат тұтып өмір сүреді! Өзіне, өзгеге емес, өзіне ұнайтын істі жасайды.
Ессіз болсаң, естілерге жұмыс жасайсың! Адамгершілік өмірде ең басты орындар да, ал адамгершілігі жоқ адамның өмірі мәнсіз, тамағы дәмсіз!
Күш білімде! Өнеге өмірде! Өмір бойы білім алып, алып қана қоймай онымен бөлісе білуміз де керек! Білім арқылы титти болсын, осы өмірге ізді қалдыруға ұмтылу! Себебі: адам болу деген осы! Естілермен ессіздерге бәленбай ақша берсең. Естілер бәленбай ақшаны бәленбай есе көбейтіп алады, ал ессіздер ертеңіне жоқ қылады! Десемде осы отырғанымның өзі бір ғанибет, шүкір емес пе? Одан да кім садаққа беріп, жақсылық жасап, ата-анасын, бала-шағасын өзі болмаса кім қуантады? Ауызбен орақ орған оңай, бірақ қыс үшін, көктемнен, күзге дейін еңбек ететіндер саусақпен санаулы. Өзін-өзі алдап осылай жүре берсе, түбі жақсылық болмас! Себебі: адамды адам ететін — адал еңбек! Білімсіз, жауапкершіліксіз жасалған істе «Басы жасамайтын адамның, аяғына тым жоқ!» демекші, немқұрайлы жасама. Есіңізде болсын, жазатайым оқиғалар кездейсоқ оқиға емес, егер сіз кездейсоқ қателік жасасаңыз, бұл жауапсыздық! Білім жоқ жерде мәдениет болмай, мал сиықты өмір сүреді. Адал бол Жалғыз Тәңір көріп тұр, жаман ісің өзіңе айналып келеді. «Адам қабірге кіргенге дейін білім алуы керек!» деп бекер айтпаса керек! Білім алуға ерінсең, белгісіз біртүрлі әлсіздік, ол еріншектік, өзіңді дамытар жақсы істерден қашуға болмайды, оны қолға алуың керек. Не себепті ештеңе істегің келмейді себебі: көбі тек білімді ғана дамытуға тырыспаңыз, ата-бабамыз күшті дамытқан, оның алдыңғы бабаларымыз тіпті сол үшін
өмір сүргендей, ол біздің қанымызда, яғни генімізде сондықтан тек біліммен шектелмей білекті де дамыту керек! Спорт керек. 3, 6 күндері көп емес 1 км жүгір сосын оны 5—10км бейім де. Дұрыс тамақтан! Майды, тұз бен қантты аз өте аз тұтын, фигураны сақта. Шынықсаң шымыр боласың! Дамы, бірақ асықпа айлап, күндік тәртіппен дамыта бер, азаң мен кеште жасауды ұмыта, өзіңді жең. Алланың берген нығыметіне шүкір ет! Қадірін біл! Алайда білімді де ұмытпа, білім әлде қайда күштірек! Екеуі бірге болса өмірің ұзарып, ішкі тәнің, сыртқы тәніңнің көрінісі, ал сыртқы тәнің, ішкі тәніңнің көрінісі, бәрі бір-бірімен байланысты, бет пен ми, тіл мен құлақ, аяқ пен қол, өзің үшін тұра алып, тек керек жерде ғана, құр босқа әкреңдеп кетпе! Сабыр ет, спорт пен білім өзің үшін, оны жаман жолға қолданудың да, сұрауы болады, жамандық үшін арнама, өзіңді жақсылыққа баулы! Әлемге өзіңнің атыңды жақсы жағынан қалдырып, өзгелерге үлгі бол! Ол үшін де білім керек! Білім бұл жамандықтан құтқарар жалғыз мүмкіндік! Иә, қиын, бірақ бұл өмір, бізді өлтірмейтін нәрсе, бізді күштірек етеді! Надан яки ақымақ деген дым білмеген, адам емес. Ол өзі дым жетістікке жетпей, ақылды жауап айтатын! Түсінбей жатып, қарсы шығатын! Толық білмей жатып, үкім шығаратын адам. Ақымақ болғанын, өз қатесін іштей мойындап, соны оқып, көріп, білім алған ақымақ ең ғұлама адамға айналады. Ең ақымақ, ең ақылдыға, ең ақылды, ең, ақымаққа айнала түседі! Себебі: ақылды адам, ақылым көп деп білім алмаса, ал ақымақ ең ақылды болуға ұмтылса, ілімге жетіп оны одан әрмен оқыса, ол ең
ғұлама адамға айналады! Себебі: білімнің түбі жоқ! Бәрі дамып жатқанда бір орында тұрған ақшадай инфляция жеп қояды!
Күндердің бір күні банкрот болсаң, ақшан жоқ болса, Анаңнан басқа ешкім қол ұшын бермес! Тіпті Анаңда сені ойлап «Жұмыс тап!» дер.
Тоғызыншы көк сөз (Мойыма)
Кім қатты жарқырап жанса, соғұрлым ерте сөнеді! Дәл сол секілді түнек тым қараңғы болса, соғұрлым сәл жарық, жарқырап жанып, ерекше көрінеді. Адам қандай керемет болса да, ол да біреуге ұқсағысы келеді. Қарсылас жеңу оңай болса, ол қарсылас емес, ал сенің жеңуің қиын болса, ол шынайы қарсылас болады. Менің қарсыласым айтқан: «Мен істеп өкінгенше, істемегеніме өкінуді қаламаймын» деген, сонда менің алдымда мен іздеген қарсылас екенін ұқтым. Кез келген нәрседен шығатын жол болады. Сол шығатын жолды табуға, сенің күшің және ақылың жетеді ме? Міне мәселе сонда! Әр берілген сынақ Бір Тәңірдің берген тәтті сыйы! Әр сынақтан соң, міндетті түрде жеңілдік және сыйы болады! Айналаңа қара, ұнайды ма? Ұнасын, ұнамасын Шүкір ет! Қиындық келсе бүкіл қиындыққа ақылыңды қолданып, күшіңді сал! Жеңілме, тек алға, жарқын болашаққа жол құра! «Қорқасың ба жасама, жасап жатсың ба
— қорықпа, жасап біттің бе — өкінбе!» Деп Шыңғыс хан бабамыз айтқандай әр сөзің, ісің үшін жауап бере алатындай бол! Жетістікке жетсең де дұрыс жаққа қолдана біл! Адам негізі басқаларды емдеген кезде, өзін
де емдейді. Басқаларға мейірімділік танытқан кезде, өзін жақсы көреді. Басқаларға көмектескен кезде, өзіне де көмектеседі. Жақсылық жасап, мейірімді бол! Оны берген Аллаға шүкір ет те, Алланы таны!
Оныншы көк сөз (Өлеңдеп)
Бізді заман емес, адам өзгертеді,
Солай-солай заманға дақ келтіреді,
Бірімізге-біріміз жау болып,
Өмірді солай босына өткізеді!
Түбінде бәрібір жаман іс жарып шығады,
Ұрлық ісі өзіне де керек емес болып қалады,
Жасырын, жасап ап неге өзін сынға алады?
Жарып шыққанмен ол қоймай, махшарда сауал болады!
Қасыңды аш қабағыңа қар жаумай,
Ғайбат айтпа сауабыңнан айырылмай,
Өзіңді ұлы ұстар мінезді қой,
Тәкаппарланып жұмағыңнан айырылмай!
Білмей жатып білем деме ешқашан,
Әйтпесе өтірікпен күнә аласың әрқашан,
Пысық болам деп, артықпенен арам жеп!
Сұрау болады! Өзіңді алдауды тоқтатасын сен қашан!
Қазір деген заман!
Соғыс деген жаман!
Қанаттанбаған адамнан!
Ешқашан да қадір күтіп алданбаң!
Өтірік-алдау бүгіннің,
Кәсібі болған бұл жалған!
Жерге тоймай бірін-бірі
Етін жеген тым жаман!
Кім жырлады заман қатал деп?
Адамның өзі жақсы емес!
Ес түзелмей түзелмес!
Бірі түсінсе, ерді бірі түсінбес!
Он бірінші көк сөз (Еліктеме)
Бізді, біз емес, қоршаған орта өзгертеді. Біреуге еліктеу, қоршаған ортаңа бейімделу бастапқы Алла Тағаланың бергеніне шүкір етпей өзгертеді, сорақысы да осы. Адамның жақсы не жаманына қарамастан, оны босқа ғибрат қылып, істерін хәуесқа айналдырады. Бәлкім, өзгелерге еліктесең де, өз қалпыңда мәңгі қаласың! Не жаман жаққа өзгеріп аласың, ал бұндайды ешкім қаламайтұғын! Өзіңе болашақта керектіні пайда әкелетін нәрселерді алуың керек. Сен олардан емес, олар сеннен қолтаңба алғанша адал еңбек ет! Берілуші болма, қаламайтын кезде өзіңді мәжбүрле! Осы екі өмірді, өзің үшін, жақсылыққа ұмтылу тым қиын ба? Еш өкпесіз өмір сүр! Еш нәрсеге өкінбейтіндей өмір сүр. Иә, жеңіліп, жеңіліп басында, міндетті жеңесін сен артында! Бұл өмірде бәрі ешкімге айналудан қорқатын болғандықтан, олар кім көрінгенге айналады! Біздегі басты проблема: біз өз өмірімізге емес, басқалардың өміріне көп уақыт бөлетініміз де! Өзгелермен өзімізді салыстырумызда! Салыстыру тұлғаны бұзады. Олармен өз өміріңді жаман не жақсы деп салыстырма, олар болуға еліктеме себебі: сен бөлек тұлғасың! Алла тағала оған сол несібені беруді қалады, берді, саған да уақыты келер, бірақ тек еңбек етсең ғана! Тұлғалығыңды жоғалтып алсаң, қайта құрудың, бірден-бір жолы зейінді
тек өз өміріңе аудару, өз өмірімізге мән-мағына беру! Неге біреуге еліктейсің, сен неге өзің жеке жақсы тұлға болуға ұмтылмасқа? Жақсыларға еліктеп ұқсап бақсақ та, біз өзіміздің тарихымыз ғана шығады. Өзге емес, өзің болу үшін ұмтыл. Өз жолыңды, өзің сал. Әрқашанда өз пікірің, өз ойың, өз туындың болсын, өзің жеке тұлға бол! Өзіңді ешқашан да ұмытпа, көбіне адамдар өзінің дамуының орнына, өзгелердің көңілінен шығу үшін, мақтану үшін кұндылықтарын, қызығушылықтары мен мінез-кұлқын өзгертіп жатады, сол арқылы шынайылығын жоғалтып, ерекше тұлғалығынан айырылады, сол арқылы өзгелерге мүлдем одан әрмен қызық емес тұлға болып, шынайы өзі болмағаны үшін бақытсыз болары хақ! Әу баста, сені түсінетіндер аз еді. Егер біреудің кеңесімен өмір сүретін болсаң, сен өзгенің өмірімен өмір сүресің. Өз шынайлығыңды көрсетсең, жаман, біртүрлі болып көрінбейсің! Сен өзіңнің басқаларға ұқсамайтын, ерекшелігіңді көрсетіп біртүрлі болмайсың. Бұл өмірде біреуіне жақсы енді біреуіне жамансың. Әркім сені қалай көргісі келсе сондайсың. Бірақ оны түсінбеген адамның өмірі қатты қиын болатұғын. Біреудің сыны үшін, өз өмірін қиындататұғыны қалай? Өз пікіріңізді басқалардың ойы үшін төмендетпегеніңіз жақсы! Ақымақ болып көрінсең де, билей бер! Ең бастысы өзіңе сену! Басқалардың пікірі күнде өзгереді! Алайда өмірің де ата-анаң, мұғалімің болашақта керек болатын тәлім-тәрбиені берсем дейді, алайда оны өз бойың сіңдіру өзіңнің талпынысыңа байланысты!
Егер еліктегің келсе екі дүние сардары Мұхаммед (ﷺ)
Бесплатный фрагмент закончился.
Купите книгу, чтобы продолжить чтение.